23 маусымға жоспарланған OCTAGON 59 турнирінде тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-3) қатысуымен жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы чемпиондық атаққа 22 жастағы бұрынғы үміткердің қарсыласы «Питбулл» лақап аты бар Арменияның ең тәжірибелі 29 жастағы өкілі Варшам Геворгян (14-8) болмақ.

Бір қызығы, Tapology.com және Sherdog.com беделді статистикалық ресурстарының ашық деректерінен армян спортшысының кәсіпқой жекпе-жегін 2009 жылдың ақпан айында небәрі 14 жаста өткізгені белгілі болды.