26 мамырда Прагадағы O2 аренасында 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчы аяқталды, онда Чехия құрамасы Швейцария құрамасын жеңіп (2:0), 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды. Prosports.kz.

2024 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін командалардың рейтингі анықталды. Соған сәйкес 2025 жылы Швеция мен Дания қабылдайтын әлем чемпионатының бастапқы топтық құрамы жасақталды.

А тобы (Стокгольм, Швеция): Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция, Словения.

В тобы (Хернинг, Дания): Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия, Қазақстан, Венгрия