Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франция ашық чемпионатындағы сапарын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы раундта Бублик француз Грегуар Баррерді үш сетте ұтты – 6:4, 7:5, 6:3. Қарсыластар кортта екі сағат 16 минут уақыт өткізді.

Екінші айналымда Александр германиялық Ян-Леннард Штруффке қарсы ойнайды.