OCTAGON лигасы қазақстандық Махир Мамедов пен өзбекстандық Шохасан Мирзаматов арасындағы жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ММА ережесі бойынша жекпе-жек 23 маусымда Алматыдағы Octagon 59 турнирінде өтеді.

Шохасан Мирзаматов (12-3) екі рет қатарынан мерзімнен бұрын жеңіске жетіп, лиганың жартылай орта салмақ рейтингінде бірінші орында тұр. Ол 12 жекпе-жектің 10-ында нокаутпен жеңіске жетіп, екі жекпе-жегін ғана төрешілер шешімімен жеңді.

Махир Мамедов - әйгілі қазақстандық ММА файтері. Күресті жақсы меңгерген ол 9 рет жекпе-жекті самбишнмен аяқтады, 4 рет нокаутпен жеңді және тек үш рет төрешілердің шешімімен ұтқан.