Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Монастирде (Тунис) жұптық корттан ITF турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік теннисші Илья Симакинмен бірге Қазақстан спортшысы кортта ирланд-австралиялық Аммар Эламин – Тай Сах дуэтімен кездесіп, екі сетте 6:2, 7:6 жалпы есебімен жеңіске жетті. Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік жұптық рейтингінде 323-ші орында, ал ресейлік теннисші рейтингте 403-ші орында.