Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады, деп жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңілді. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға жол берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің 1/8 айналымына өте алмады.