Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Виченцада (Италия) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық босниялық Нерман Фатичтен 4:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 32 минутқа созылды.

Айта кетейік, келесі турда Фатич Тунис өкілі Азиз Дугазға қарсы ойнайды.