Әйелдер арасындағы әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Римдегі (Италия) WTA-1000 турниріне қатыспауының себебін айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қысқа үзіліс алғым келді, сондықтан Римдегі турнирге қатыса алмадым. Мақсат - «Үлкен дулығада» жеңіске жету. Сондықтан мен осындамын», - деп келтіреді Рыбакинаның сөзін «Чемпионат».

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина 2023 жылы Римдегі турнирде чемпион атанып, биыл титулды қорғауды жоспарлаған, бірақ денсаулығына байланысты турнирдің басында қатысудан бас тартқан болатын.

Бүгін, 28 мамырда Рыбакина «Ролан Гарростың» бірінші айналымында бельгиялық Минненді жеңіп, келесі айналымға жолдама алған еді. Ол карьерасында ешқашан Франция ашық чемпионатында жеңіске жетіп көрмеген, бірақ биыл теннисші үш титул иеленді.