Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО) Prosports.kz сайтына келесі жекпе-жегінің нақты күнін растады.

«Иә, 21 маусымда Ұлыбританияның Болтон қаласында жекпе-жек өткіземін. Қарсылас әзірге белгісіз. Жжаттығу жиынын бастадым, Лос-Анджелесте жаттығып жатырмын», - деді спортшы.

Сұлтан биыл 1 наурызда Ұлыбританияның Телфорд қаласында өткізген кейінгі жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. 28 жастағы Зәуірбекті «Қазақ патшасы» деп атайды, биыл оны танымал отандасымыз Геннадий Головкинмен салыстыра бастады.