Ресейлік файтер, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев америкалық Дастин Порьемен титулды жекпе-жекке алты күн қалғанда әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махачев пен Порье 2 маусымда Нью-Джерсиде (АҚШ) өтетін UFC 302 турнирінде жекпе-жек өткізеді.

«Жекпе-жек аптасы. Дайындық 100%», - деп жазды Махачев.

Ислам Махачев ММА-да 26 жекпе-жек өткізіп, 25 жеңіске жеткен. Дастин Порье 38 жекпе-жекте 30 жеңіске жеткен.