Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліссіз келеді.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді бір салмақтағы квота мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде шешілмек.

63,5 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол бүгін түркиялық Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін Базарбайұлы филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені ұтқан болатын.