Қазақстандық боксшы екінші жеңіл салмақтағы Сұлтан Заурбектің (17-0, 12 КО) шаршы алаңға қайтатын күні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, «Қазақ королінің» келесі жекпе-жегі Болтонда (Англия) 21 маусымға жоспарланған.

Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Қазіргі уақытта Заурбек Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Сұлтан Заурбек кейінгі жекпе-жегін Англияның Телфорд қаласында өткізіп, колумбиялық боксшы Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.