Криштиану Роналду бір маусымдағы гол саны бойынша Сауд Про Лигасының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әл-Наср» шабуылшысы Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы 34-турында «Әл-Иттихад» қақпасына дубль жасады. Бұл Роналдудың осы маусымда лигадағы 35-добы болды.

Португалиялық шабуылшы бір маусымдағы гол саны бойынша рекордты жаңартты. 2018/19 жылғы маусымда «Әл-Иттихад» шабуылшысы Абдерразак Амдалла 34 гол соққан еді.