52 жастағы тәжік-украин бапкері, қазір Ферғананың «Нефтчиін» жаттықтыратын Виталий Левченко Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында «Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 мамырда Championat.asia басылымы «Қайрат» Левченконы шақыруы мүмкін екенін хабарлаған.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Менің агенттерім келіссөз жүргізіп жатыр. «Нефтчимен» келісімшартымда пункт бар — сомасы төленсе, командадан кете аламын. Әзірше ештеңе айтпаймын. Келіссөз жүріп жатыр», — деді Левченко.

Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері болып ресейлік Александр Кержаков тағайындалатыны хабарланған еді.