Танымал америкалық журналист әрі инсайдер Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO және IBF титулдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы ақпарат бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы өз титулдарын IBF ұйымы бойынша міндетті үміткер, Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичке қарсы қорғайтыны хабарланды.

«Top Rank Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста орта салмақта әлем чемпионы титулын қорғайтынын хабарлады. Екі апта бұрын айтқан ақпаратым расталды», — деп жазды журналист X желісінде.