Қорғаушылар Степан Александров пен Владимир Гребенщиков «Торпедоға» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда Степан Александров «Бейбарыс» сапында өнер көрсетіп, 47 матчта 25 (6+19) ұпай жинаған болатын.

Владимир Гребенщиков өткен маусымды «Торпедомен» бастап, кейін «Бейбарысқа» ауысқан. Гребенщиков 32 матчта 13 (3+10) ұпай жинады.