Елордалық «Астана» Батыс Азия Cуперлигасы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда екінші ойынын «Әл-Манама» (Бахрейн) командасына қарсы өткізді. Матч 122:117 (ОТ) есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды.

Еске сала кетейік, турнир матчтары 25 мамыр мен 1 маусым аралығында Катар астанасы Дохада өтіп жатыр.

Айта кетейік, топтық кезеңдегі ең үздік екі команда турнирдің жартылай финалына өтеді.