Бүгін футболдан Армения құрамасы Словения (4 маусым) және Қазақстан (7 маусым) құрамаларына қарсы жолдастық кездесулер алдында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportball24.co сайтына сілтеме жасап.

Жаттығуға келесі ойыншылар қосылды:

Огнен Чанчаревич - «Ноа»Арсен Бегларян - «Арарат-Армения»Станислав Бучнев - «Пюник»Степа Мкртчян - «Осиек» (Хорватия)Камо Оганесян - «Арарат-Армения»Георгий Арутюнян - «Краснодар» (Ресей)Андраник Акопян - «Валенсия М-19» (Испания)Давид Давидян - «Пюник»Эрик Симонян - «Урарту»Сергей Мурадян - «Ноа»Эдгар Григорян - «Арарат-Армения»Ваан Бичахчян - «Погонь» (Польша)Артак Дашян - «Пюник»Оганес Арутюнян - «Пюник»Соломон Удо - «Пюник»Геворг Тарахчян - «Урарту»Жирайр Шагоян - «Арарат-Армения»Артур Серобян - «Арарат-Армения»Гор Манвелян - «Ноа»Артур Миранян - «Ноа».

Бүгін кешке Эдуард Сперцян, Эдгар Севикян және Наир Тикнизян командаға қосылады. Команда капитаны Вараздат Хароян Арменияға ертең, 28 мамырда келеді. Тигран Аванесян 3 маусымда ғана келеді, себебі ол 2 маусымда Ресей кубогының суперфиналында «Балтика» - «Зенит» матчында ойнайды.

3 маусымда Армения құрамасы Люблянаға ұшады, онда 4 маусымда Словения мен Армения, 7 маусымда Ереванда Армения мен Қазақстан құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.