Таиландта өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті.

75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Хальхова алғашқы айналымда украиналық Каролина Махноны сенімді жеңді.

Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші кезеңіне өтті.

Таиландтағы іріктеу турнирі 3 маусымда аяқталады.