Қазақстандық теннисшілердің арасында Ролан Гаррос турнирінің негізгі торында алғашқы болып Михаил Кукушкин жарысты бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тәжірибелі теннисші алғашқы айналымда Венгриядан келген Фабиан Марожанмен кездесті. Кездесу венгриялықтың пайдасына 6:2, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.

Михаил үшін бұл матч, іріктеуді қоса алғанда төртінші кездесу болды.

Қазақстандықтардың ішінде келесі болып Александр Шевченко турнирде ойнайды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы ресейлік Аслан Карацев болады.