Бүгін Самарқанда (Өзбекстан) футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді.

Жеребе Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Трансляцияны QAZSPORT телеарнасынан және ФИФА ресми сайтынан көре аласыздар.

10-шы әлем чемпионатында 24 команда бақ сынайды. Турнир 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері аралығында Өзбекстанның үш қаласы Ташкент, Бұхара және Андижанда өтеді.

ФИФА рейтингіне сәйкес 24 құрама 4 себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша командалар 6 топқа бөлінеді.

Футзалдан әлем чемпионатының барлық себеті:

1 себет: Өзбекстан, Бразилия, Португалия, Испания, Иран, Аргентина;

2 себет: Марокко, Қазақстан, Таиланд, Франция, Украина, Парагвай;

3 себет: Хорватия, Жаңа Зеландия, Венесуэла, Ауғанстан, Коста-Рика, Тәжікстан;

4 себет: Нидерланды, Гватемала, Панама, Ангола, Ливия, Куба.