Филиппинде әйелдер командалары арасында волейболдан өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты.

Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері В тобындағы соңғы ойынын Гонконг құрамасымен өткізді.Бұдан бұрын Вьетнамға 1:3 есебімен есе жіберген қазақстандықтарға жартылай финалға шығу үшін жеңіс ауадай қажет еді.

Қазақстан құрамасының капитаны, Орал волейболының түлегі Сана Анарқұлова бастаған қазақстандықтар жанкүйерлерін жерге қаратпай, 3:0 (25:17, 25:18, 25:4) есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан финалға шығу үшін Филиппин құрамасымен шеберлік таластырады.