Таиландтың Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші жарыс күнінде, 26 мамырда Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) шаршы алаңға шығады.

Жекпе жек Қазақстан уақытымен 12:00-де басталады.

Айта кетсек, 25 мамырда Назым Қызайбай (50 келі) Николь Дурикованы жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Сондай-ақ, әйелдер құрамасында Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.

Еліміздің ерлер құрамасы бұған дейін Олимпиаданың 6 жолдамасын жеңіп алды. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.

Ал әйелдер құрамасында Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада ойындарына жолдамаға ие болды.