Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге финалда ресейлік жұп, жарыстық 4-ракеткалары Ирина Хромачева мен Яна Сизикова кездесті.

Қазақстандық-қытайлық теннисшілер қарсыластарына 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.