Италия жолдарында «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының 19-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңдегі жеңісті Decathlon AG2R La Mondiale Team командасының италиялық велошабандозы Андреа Вендраме жеңіп алды.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 6-болып мәреге жеткен Симоне Веласко көрсетті.

«Джиро д’Италия», 19-кезең, Mortegliano - Sappada (157 км)

1. Андреа Вендраме (Decathlon AG2R La Mondiale Team) - 3:51:05

2. Пелайо Санчес (Movistar Team) - +0:54

3. Георг Штайнхаузер (EF Education - EasyPost) - +1:07

...6. Симоне Веласко («Астана») - +2:30

Жалпы есеп:

1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) - 71:24:03

2. Даниэль Фелипе Мартинес (BORA - hansgrohe) +7:42

3. Герайнт Томас (INEOS Grenadiers) +8:04

..11. Лоренцо Фортунато («Астана») - +16:37