Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық боксшылардың ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған турнирде Париж Олимпиадасының 51 жолдама иегері (ерлер – 28, әйелдер – 23) анықталады.

Ерлер құрамасы қазірге дейін Олимпиаданың алты жолдамасына ие болған.

Атап айтқанда, олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.

Ал әйелдер құрамасынан былтыр қазан айында Қытайда өткен Азиадада Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды.

Жарыс 2 маусымға дейін жалғасады.

Қазақстандық боксшылардың ойын кестесі:

Ерлер:

25 мамыр63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Кристиан Питт Лауренте (Филиппин)

Әйелдер:

26 мамыр50 келі: Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Словакия)

27 мамыр60 келі: Римма Волосенко - Мария Фелиситас Гангльбауэр (Германия);75 келі: Валентина Хальзова - Каролина Махно (Украина).

28 мамыр54 келі: Ұлжан Сәрсенбек - Шера Мэй Патрисио (АҚШ)

29 мамыр66 келі: Наталья Богданова - Кристина Кулухова (Сербия).