Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді.
15 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-та UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонмен кездеседі.
Алмабаев пен Джонсонның жекпе-жегі турнирдің басты кардында өтпек.
UFC Vegas 93 турнирінің басты карды төмендегідей:
- Алекс Перес және Тацуро Тайра;
- Андре Мунис және Икрам Алискеров;
- Лукас Алмеида және Тимоти Куамба;
- Майлс Джонс және Дуглас Силва де Андраде;
- Асу Алмабаев және Хосе Джонсон;
- Гарретт Армфилд және Брэди Хистэнд.
Комментарии