Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 329-орында тұрған америкалық Тоби Алекс Кодатпен кездесті.

Бір сағат 42 минутқа созылған тартысты матчта Скатов 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тимофей 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Кодат 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 310-ракеткасы, Германия өкілі Даниэль Мазурмен таласады. Ол ширек финалда отандасы Лукас Герчті қапы қалдырды - 6:3, 6:2.