Сингапурде пара жүзуден әлемдік серияның кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Сингапурда пара жүзуден Әлемдік серия кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық пара жүзушілер бір алтын және екі қола медаль ұтып алды.

Зульфия Ғабидуллина кешенді жүзуде 150 м қашықты 3:43.87 уақытымен өтіп, алтын медаль иеленді. Ал 50 м баттерфляйда және шалқалап жүзуде отандасымыз Сиязбек Далиев екі қола медальді еншіледі.

Аталған жарыста еліміздің атынан тағы екі спортшы Диас Кенжебек пен Нұрдәулет Жұмағали қатысты.

Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу жарысы болып табылады. Бұл сайысқа әлемнің 22 елінен 126 спортшы қатысты. Жарыс 17-19 мамыр аралығында өтті.