Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (135 ATP) Франция ашық чемпионатына іріктеудің екінші кезеңінде аустралиялық Ли Туды (215 ATP) 6:4, 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

«Ролан Гаррос-2024» турнирінің негізгі кезеңіне өту үшін қазақстандық 24 мамырда Италия теннисшісі Франческо Маэстреллиді (206 ATP) жеңуі керек.