Шымкенттік «Ордабасы» жаңа президентті ресми таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асхат Сейсембек «Ордабасының» жаңа президенті.

Асхат Рашидұлы 3 маусымда «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметіне кіріседі», - деп хабарлады команда.

Бұған дейін шымкенттік клубтың бұрынғы басшысы Бауыржан Әбдубаитов денсаулығына байланысты қызметінен кеткен болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасының өткен маусымында шымкенттік клуб өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанып, биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынамақ.