Талдықорғанда өтіп жатқан Азия кубогында жабық кешендегі хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оман құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық хоккейшілер қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Кездесудің үздік ойыншысы болып қазақстандық Еркебұлан Дүйсебеков танылды.

Естеріңізге сала кетейік, екінші ойында Қазақстан құрамасы Малайзия құрамасымен тең ойнаған болатын.