Ресей құрамасы мен «Зениттің» экс-форварды 41 жастағы Александр Кержаков «Қайрат» ФК бас бапкері болып тағайындалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Иван Карповтың телеграм-арнасының мәліметінше, Кержаковтың бұл қызметке тағайындалу мәселесі шешіліп қойған.

Александр Кержаковтың бұрынғы клубы сербиялық «Спартак» болды, ол клубты 2023 жылы маусымынан қарашасына дейін жаттықтырған. Бұрынғы шабуылшы кипрлік «Кармиотиссада» (2023 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін), «Нижнем Новгородта» (2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың маусымына дейін) және «Томь» (2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың мамырына дейін) бас бапкер болып жұмыс істеген.

2021/2022 маусымында «Нижний Новгород» Кержаковтың жетекшілігімен РПЛ-дағы дебюттік маусымында 30 матчта 33 ұпай жинап, 11-орынға ие болған.