Сәрсенбі күні Филиппинде әйелдер арасындағы «AVK Challenge Cup» турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойында Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурмен ойнады.

Айта кетейік, кездесу 3:0 (25:15, 25:9, 25:17) есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің құрама Вьетнам, Индонезия, Сингапур және Гонконг құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.