Әлемнің 19-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Лиондағы (Франция) саздан жасалған ATP-250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде Бублик әлемнің 93-ракеткасы, Австралия өкілі Александр Вукичті 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Бубликтің Вукичпен кездесуі 1 сағат 11 минутқа созылды.