Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабатта (Марокко) өтіп жатқан жұптық сайыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Анна Данилина/Сю Йифан (Қытай) жұбы А.Рус (Нидерланды)/Л.Морозова (Ресей) дуэтінен басым түсті.

Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, ойын 1 сағат 5 минутқа созылды.