Танымал қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Франция ашық чемпионатындағы іріктеудің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық іріктеудің бірінші кезеңінде Швейцария өкілі Леандро Ридимен кездесіп, оны екі сетте 6-4, 6-3 есебімен ұтты.

Матчтың ұзақтығы 1 сағат 29 минутты құрады.