Елордалық «Жеңіс» футбол командасының бас бапкері Леван Коргалидзе қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Грузиялық маман астаналық клубқа 2024 жылдың басында бас бапкер болып тағайындалған еді. Оның басшылығымен команда тоғыз ойын өткізді. Оның екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Соның салдарынан турнир кестесінде жеті ұпаймен көш соңында тұр.

Астаналық «Жеңіс» көп жылғы үзілістен кейін Премьер-лигаға қайта оралды. Ел біріншілігінде 2000, 2001, 2006 жылдарда чемпион атанса, 2003 жылы қола жүлдеге қол созды.