Нигериялық файтер, бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман украиналық боксшы Александр Усиктің болашағы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Өткен аптада Усик британиялық Тайсон Фьюриді жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

«Бұл ақылға қонымсыз екенін білемін, бірақ Усиктің Фрэнсис Нганнумен жекпе-жегін көргім келеді. Иә, Александр бұрынғы қарсыластарының бәріне сабақ берді, бірақ Нганну — әлемдегі ең үздік панчер. Усиктің мұндай қарсыласпен қалай жекпе-жек өткізетінін көргім келеді», - деді Усман Pound4Pound подкастында.

Айта кетейік, Александр Усик кәсіпқой бокста 22 жекпе-жек өткізіп, 22 жеңіске жеткен.