Дзюдодан Қазақстан командасының спортшысы Абылайхан Жұбаназар Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан құрама командасынан Есмигүл Куюлова бақ сынайды. Абылайхан Жұбаназар денсаулық жағдайына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта сынға түсіп жүр. Ол Душанбе мен Астанада өткен Grand Slam турнирлерінде қола жүлдегер атанған болатын.