26 жастағы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас келесі қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегін 30 мамырда Таиландтың Бангкок қаласында индонезиялық Харма Йестиге (1-3-1, 0 КО) қарсы өткізеді.

«Саған бокс мектебімізді көрсетемін. Бұл менің кәсіпқойлар арасындағы 11-жекпе-жегім болады. Кеттік. 30 мамыр. Рейтингілік жекпе-жек», - деп жазды боксшы инстаграм-парақшасында.

Еске салайық, 25 сәуірде қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкоктегі (Таиланд) бокс кешінде жекпе-жек өткізген еді.

Рингте қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Мамты Сингхпен (5-2, 2 КО) кездесті. Жекпе-жек 5 раудқа созылды. Төреші кездесуді уақытынан бұрын аяқтап, қазақстандық боксшыға техникалық нокаут тіркелді.

Осылайша қазақстандық ару кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізп, WIBF және WBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері атанған еді.