Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы матчында Польшаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч есебін поляктар ашқан болатын. Бірақ көп ұзамай Қазақстан таразы басын теңестіре алды - Никита Михайлис шайба салды. Қазақстандықтар үшінші кезеңде жеңісті жұлып әкетті. Алдымен Валерий Орехов қазақстандықтарды алға шығарса, кейін Роман Старченко ойын нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 3:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасы В тобында алты ұпай жинап, 6-орында тұр. Ал бір ғана ұпай еншілеген поляктар элиталық дивизионмен қоштасты.

Қазақстан - Польша 3:1 (1:1, 0:0, 2:0, 3:1)

0:1 - Валега (Лищарчик, Брык) - 09:111:1 - Михайлис (Шестаков) - 12:352:1 - Орехов (Михайлис, Данияр) - 50:203:1 - Старченко - 54:25

Қақпашылар: Шутов - Мюррей