Страсбургте (Франция) WTA 500 (топырақ төсеніші) санатындағы турнир басталды. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жекелей сында бірінші раундтық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Катерина Синяковадан (№34 WTA, Чехия) 0:6, 5:7 есебімен ұтылды.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Юлия екі рет эйс жасап, бес рет қос қателік жіберіп, үш брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Синякова келесі айналымда америкалық Даниэль Коллинзмен (№12 WTA) ойнайды.