Аргентина футбол қауымдастығы ресми сайтында 2024 жылғы Америка кубогы алдында Эквадор (9 маусым) және Гватемала (14 маусым) құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге қатысатын футболшылардың кеңейтілген құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеңейтілген құрамда 29 ойыншы бар.

Қақпашылар: Франко Армани («Ривер Плейт»), Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»), Херонимо Рульи («Аякс»).

Қорғаушылар: Гонсало Монтьель («Ноттингем Форест»), Науэль Молина («Атлетико»), Леонардо Балерди («Марсель»), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм»), Херман Пеccелья («Бетис»), Лукас Куарта («Фиорентина»), Николас Отаменди («Бенфика»), Лисандро Мартинес («Манчестер Юнайтед»), Маркос Акунья («Севилья»), Николас Тальяфико («Лион»), Валентин Барко («Брайтон»).

Жартылай қорғаушылар: Гвидо Родригес («Бетис»), Леандро Паредес («Рома»), Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Родриго Де Пауль («Атлетико»), Эксекиэль Паласиос («Байер»), Энцо Фернандес («Челси»), Джовани Ло Чельсо («Тоттенхэм»), Анхель Ди Мария («Бенфика»), Валентин Карбони («Монца»).

Шабуылшылар: Лионель Месси («Интер Майами»), Анхель Корреа («Атлетико»), Алехандро Гарначо («Манчестер Юнайтед»), Николас Гонсалес («Фиорентина»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Хулиан Альварес («Манчестер Сити»).

Айта кетейік, Оңтүстік Америка құрамалары құрлықтық турнирге 25 ойыншыны қатыстыра алады. Аргентина құрамасының бапкерлер штабы соңғы тізімді Америка кубогына дайындықтың аяқталуына қарай анықтайды.