Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения (7 маусым) және Әзербайжан (11 маусым) құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімге 34 ойыншы енді. Команданың нақты құрамы кейін белгілі болады. Қазақстан ұлттық құрамасы 2 маусымда Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Кайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы — «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы — «Тобол»), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (барлығы — «Ақтөбе»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де — «Ордабасы»), Әділхан Добай («Жетісу»), Михаил Габышев («Елімай»), Нуралы Алип («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы — «Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов (барлығы — «Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (оба — «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов (барлығы — «Астана»), Иван Свиридов («Елимай»), Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия).

Айта кетейік, ұлттық құрама маусымда екі жолдастық матч өткізеді.