Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, Женевада өтіп жатқан жұптық халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы Д.Витроу (АҚШ)/Н.Леммонстан басым түсті.

Кездесу 6:4, 3:6, 10:3 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.