Бірнеше күннен кейін 36 жасқа толатын Польша құрамасы мен «Уния» (Освенцим) клубының капитаны, шабуылшы Кристиан Дзюбински Prosports.kz сайтына берген сұхбатында әлем чемпионатының элиталық дивизионында қалу үшін күресетін Қазақстанға қарсы матч туралы ойын айтты.

«Әлем чемпионаты басталмас алдымызға элиталық дивизионда қалу жөнінде мақсат қойған едік, қазір сол мақсатымызға жету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі матч Польша үшін плей-офф кезеңіндегі жетінші ойын сияқты», - деді шабуылшы.

Бүгін Қазақстан мен Польша құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионында қалу үшін шешуші кездесу өткізеді. Қазір Қазақстан хоккейшілер 3 ұпаймен турнирлік кестеде жетінші орында, ал Польша соңғы орында тұр (1 ұпай). Матч Қазақстан уақытымен 23:20-да басталады.