Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Франция ашық чемпионаты іріктеу кезеңінің жартылай финалына өте алмады деп, хабарлайды Prosports.kz.

Бейбіт аргентиналық теннисші Хуан Мануэль Черундолодан 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Айта кетейік, Франция ашық чемпионаты 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.