Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Марракеште өтіп жатқан «Брилиант лигасы» кезеңіндегі биікке секіру жарысында 9-орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші әрекетінде 1,75 м және 1,81 метрді бағындырды, алайда ол 1,87 метрді еңсере алмай, жарысты 9-орында аяқтады.

Айта кетейік, кезеңдегі жеңісті сербиялық атлет Ангелина Топич жеңіп алды.

«Бриллиант лигасы». Үшінші кезең. Марракеш

1. Ангелина Топич (Сербия) – 1.98 м

2. Кристина Хонзель (Германия) - 1.91 м

3. Лиа Апостоловски (Словения) - 1.91 м

...9. Надежда Дубовицкая (Қазақстан) - 1.81 м.