Баскетболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Атырауда өткен финалдық кезеңде жанкүйерлер аса тартысты ойынның куәсі болды. Ақтық сында «Irbis-Alatau» мен «Барсы Атырау» кездесті. Нәтижесінде 82:71 есебімен Алматы облысының командасы жеңіске жетті.

Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Роберт Пан (Irbis-Alatau), Маркус Майерс (Irbis-Alatau) және Джарвис Гаррет (Атырау Барысы) үздік ойыншы атанды.